×
443.35
475.54
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.35
475.54
4.82

Қазақстанға азаматтары жиі келетін мемлекеттер аталды

28.03.2024, 12:37
Ашық дереккөзден

Өзбекстан азаматтары Қазақстанға ең көп келетін шетелдіктер рейтингінде көш бастап тұр. Бұл туралы Сенатта ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Игорь Лепеханың айтуынша, Қазақстанға көбіне Өзбекстан, Қырғызстан, Ресей, Тәжікстан және Қытай азаматтары кіреді.

Жыл басынан бері елімізге Өзбекстанның 1,073 млн азаматы кірді, 982 мың азамат кетті. Өткен жылдың қорытындысы бойынша олар бұл бағытта көш бастап тұр: 5 000 396 азамат кіріп, 5 000 373 азамат шыққан. Біз Өзбекстанның 411 азаматын уақытша есепке қойдық. Бұл негізінен біздің еліміз арқылы көрші елдерге транзит болып есептеледі, - деді ол.

Жыл басынан бері Қазақстанға Тәжікстанның 218,5 мың азаматы келіп, 213 726 мың азамат кеткен. Көші-қон заңнамасын бұзғаны үшін Тәжікстанның 710 азаматы жауапқа тартылып, 195 адам елден шығарылған.

Серіктес жаңалықтары