×
448.89
477.93
4.76
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
448.89
477.93
4.76

Джокер адамдарды өлтірмек болды

01.11.2021, 08:01
фото: ашық дереккөзден

Токио қаласында пышақпен қаруланған ер адам метро вагонындағы жолаушыларға шабуылдады. Соңғы мәліметке сай, кем дегенде 17 адам жарақаттанды, деп хабарлайды ulysmedia.kz.

Оқиға 31 қазан күні кешке, жапондар Хэллоуин тойлауға қала орталығына бара жатқан кезде болған. Бұған қоса жігіт вагонды өртеген. Шабуылдаған адам ұсталды. Ол 24 жаста болып шықты. Бұзақы Джокер болып киінген, дейді Kyodo News.

Зардап шеккендердің көбі жеңіл жарақат алды немесе көмірқышқыл газымен уланды. 60-70 жастағы ер адам ауар жарақаттанды, ол есінен танып қалды.

Шабуыл жасаған жігіт бірнеше жолаушыны өлтіргісі келгенін, себебі өлім жазасына кесілгісі келгенін мойындапты.

Серіктес жаңалықтары