×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Бүгін Кабирхан қатысатын Dubai world cup жарысы тікелей эфирден көрсетіледі

30.03.2024, 09:56
instagram.com/racingdubai

"Qazsport" телеарнасы Кабирхан қатысатын Dubai world cup жарысын тікелей эфирде көрсетеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгін Дубай төрінде ат жарысынан Әлем кубогы өтеді. Бәйгеге қазақстандық сәйгүлік Кабирхан қатысады.

Аталған додада қазақтан шыққан тұңғыш халықаралық дәрежедегі жокей Бауыржан Мырзабаев та бақ сынайды.

Дубайдағы бәйге «Qazsport» телеарнасынан 30 наурыз 16.00-де тікелей эфирден көрсетіледі.

Мұнда бірінші орын алған тұлпарға 7 миллион 200 мың АҚШ доллары берілетінін атап өткен жөн.

Естеріңізге салсақ,  Кабирхан Дубайда өткен Al Maktoum Challenge Presented by Longines бәйгесіне қатысып, топ жарған болатын.

Серіктес жаңалықтары