×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

"Киіктің киесі ұрды" - павлодарлықтар су тасқынына кімді кінәлайды

31.03.2024, 08:59
"Киіктің киесі ұрды" - павлодарлықтар су тасқынына кімді кінәлайды
Павлодар ТЖД

Павлодар облысының бірқатар ауданында қарғын су жолдың үстінен өтіп жатыр. Ақтоғай ауданында кейбір үйлерге су кіре бастаған, деп жазады Ulysmedia.kz.

Павлодарлық журналистер, қоғам белсенділері өздерінің әлеуметтік парақшаларында су тасқыны туралы пост жариялап жатыр. Ондағы бейнежазбалардан қар суы әжептәуір қауіп төндіре бастағанын аңғаруға болады.

Кейбіреулер бұған облыс басшылығын кінәлайды. Айтпақшы, кеше Тоқаев Павлодар облысы әкіміне қатаң сөгіс жариялаған болатын.

Есенбек Санатұлы есімді белсенді су тасқынының салдарын аяусыз қырылған киікпен байланыстырады. 

“Киікті бекер қырғандарыңызды түсініп жатқан шығарсыздар. Сахараның ерекше жаратылған жануарын қанға бөктіріп едіңіздер. Киесі атып жатыр ау”, – деді ол.

Облыстық ТЖД мәліметінше,өңірде тәулік бойы жедел штаб жұмыс істеп жатыр. 

–  30 наурыздың сағат 08:00-дегі жағдайы бойынша облыстағы автокөлік жолдарының 15 учаскесін су басты. Оның ішінде 2 республикалық маңызы бар автожол: Павлодар – Успен және Атамекен– Ертіс – Русская Поляна, – деді департаментте.

Облыстық маңызы бар тас жолының үш учаскесін де су басты. Атап айтқанда, Ақтоғай ауданының 88 шақырымында, Успен ауданының Чернорецк – Ольгино – Успен автожолы, Павлодар ауданының Шақат – Восточное учаскелерінде су жайылған.

Бұдан бөлек 10 аудандық маңызы бар жолда да су тасқыны қаупі байқалады.

Облыста су тасқынына қарсы іс-шараларға барлығы 277 адам, 111 техника, 34 мотопомпалар, 2 жүзу құралдары жұмылдырылды.

ТЖД қызметкерлері мен жергілікті атқарушы органдар елді мекендерге тәулік бойы, оның ішінде дрондардың көмегімен мониторинг жүргізуде.