×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Қасақана өлтірген жоқпын, өліміне қатысым барын мойындаймын – Бишімбаев сотта жауап берді

01.04.2024, 12:16
скриншот

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотта Салтанат Нүкенованың өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын, бірақ ерекше қатыгездікпен өлтірді деген айыпты жоққа шығаратынын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қуандық Бишімбаев сотта қасақана әрі қатігездікпен кісі өлтіру бабы айыпты мойындамайтынын, алайда оның өліміне қатысы бар екенін мойындайтынын мәлімдеді.

– Ол өлді дегенді әуелі қабылдау маған өте қиынға соқты. Маған бірдеңе деудің өзі өте қиын. Ең алдымен, кешірім берер деп үміттенбей-ақ, осындағы туған-туыстарынан кешірім сұраймын. Мұнда жәбірленушілер, оның туыстары мен ата-аналары бар – бәрінен кешірім сұрағым келеді. Мен кешіреді күтпеймін, бірақ бұл менің ішкі міндетім және менің жүрегімдегі үнім. Мен бұл орны толмас шығын екенін түсінем әрі бұл жағдайларға қатысыр бар екенін білем.

Жаратушының алдында мен жауап бере аламын. Сіздердің алдарыңызда да. Мен Салтанатты сүйдім. Қасақана өлтірген жоқпын. Мен оның өліміне қатысы бар екенімді мойындаймын, — дейді ол.

Алайда Салтанаттың анасы сот залында шыдамай айғайлап жіберді. 

«Мен өз қызымды көрген жоқпын, көмерінде көрсеткен де жоқ. Қалай қатыгездікпен өлтірмедім дейсің? Сен оны 8 сағат бойы өлтірдің!» - деп айғайлады анасы.

Бишімбаев әлі де сотта жауап беріп жатыр.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары