×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

Қазгидромет: Батыс Қазақстанға Ресейден тасқынның екінші кезеңі келе жатыр

02.04.2024, 10:35
Фото: Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» мекемесі бас директорының орынбасары Серік Саиров Батыс Қазақстан облысына Ресей аумағынан тасқынның екінші кезеңі келе жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкімет кулуарында БАҚ өкілдерінің сауалына жауап берген «Қазгидромет» өкілі Ақтөбе және Қостанай облыстарында тасқынның беті қайта бастағанын атап өтті. Оның сөзінше, алда Қостанай облысының орталық, батыс бөлігінде тасқын басталуы мүмкін. Сонымен қатар, батыс Қазақстан облысында  екінші кезеңі басталады.

– Ол кезеңнің көзі – Ресей аумағынан келетін судың көлемі. Өйткені Ирикла су қоймасынан келетін судың мөлшері көбейіп, оларда суды күрт түсіру жұмысы жүргізіліп жатыр. Сонымен қатар, Жайыққа Башқұрстаннан Сақмар өзені келіп қосылады. Ол жақтан Қазақстаннан кірген Ілек өзені барады. Соның бәрі қосылып, Оралға жақын кезеңде үлкен су келеді деп күтіліп отыр. Жақын кезең дегенде осы аптаның аяғына дейінгі мерзімді айтып тұрмын. Жайық өзені қазірдің өзінде көтеріліп жатыр. Біздің құрылымдық бөлімшелердің дайындығы бойынша, дайындық қарқынды жүріп жатыр», - дейді Серік Сайыров.

Сайыров «Қазгидромет» өкілдері Ресей мамандарымен күнделікті байланыста екенін, ақпарат күнделікті келіп жатқанын айтады. 

Серіктес жаңалықтары