×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Су тасқынынан зардап шеккен қазақстандықтарға үй салуға 22 млн теңгеден бөлінеді

02.04.2024, 12:36
Sputnik

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев ауқымды су тасқыны салдарынан үйінен айырылған қазақстандықтарға қанша ақша бөлінетінін айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Үкіметтегі брифингте журналистер Қанат Шарлапаевтан билік тарапы үйлерді қалпына келтіруге қанша қаражат бөлетінін сұраған.

Министр қазір әкімдіктер ақпарат жинап, үйлердің есебін жүргізіп жатқанын айтты.

– Біз жергілікті бюджеттен, одан кейін республикалық бюджеттен қаражат бөлеміз. Қазір бір үйдің құнына 22 млн теңге саламыз. Бұл бір үйге 80 шаршы немесе 2 бөлмелі пәтердің құны. 1 шаршы метр үшін 281 мың теңге. Алдағы уақытта біз бюджеттен осы шығынға сүйене отырып бөлеміз, - деді министр.

Бұған дейін премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстанда су тасқыны салдарынан 1,5 мыңға жуық үй су басқанын айтқан болатын. 

Серіктес жаңалықтары