×
447.89
476.78
4.79
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
447.89
476.78
4.79

«Казцинк» ұлттық ойын бойынша Республика чемпионатына қолдау көрсетті

02.04.2024, 14:37
Фото: дереккөз

Өскеменде тоғызқұмалақтан жасөспірімдер мен жастар арасында Республикасы Қазақстан чемпионаты болып өтті. Бұл ауқымды іс-шараға «Казцинк» қолдау көрсетті. 19 команданың 350 спортшысы сайысқа қатысты.

Тоғызқұмалақ – спротшылар логика мен тапқырлықтан сынға түсетін қазақстың ұлттық ойындарының бірі. Ереже бойынша екі ойыншы екі «қазандарда» тоғыз отауға бөлінген арнайы тақтаны пайдаланады. Ойын басталарда әр ойыншыда 81 шарик – құмалақ болады. Ең қысқа уақыт ішінде шариктерді ұяшықтарға жинап, өз «қазанына» неғұрлым көбірек толтыру керек.

Чемпионатқа 15, 17, 19 және 21 төрт жас бойынша ең үздік ойыншылар таңдалып алынды. Сондай-ақ ойын мынадай үш нұсқада өтті: блиц - 7 минут, рапид – 20 және классикалық – сағаттық ойын.

- Республикалық деңгейдегі мұндай іс-шара біздің өңірде бірінші рет өтіп отыр, – деді «ШҚО ұлттық тоғызқұмалақ спорты Федерациясы» қоғамдық бірлестігінің президенті  Назгүл БАЙГЕЛДИНОВА. – Соның арқасында біз 96 жүлдегерді анықтадық. Олардың арасында болашақ Әлем Кубогына қатысушылар да бар. Біріншілік биылғы жазда Өзбекстанда өтеді. Оған «рапид» санатында бірінші және екінші орын алған 19 жасар жеңімпаздар қатысады.

- Біз тоғызқұмалақ бойынша біріншілікке кезекті рет қолдау көрсетіп отырмыз, - деді «Казцинктің» әкімшілік мәселелер жөніндегі атқарушы директоры Андрей ЛАЗАРЕВ. – Мұндай бастамалар ұлттық спортты жаңа деңгейге көтереді, ал жастарды жаңа жеңістерге шабыттандырады. Бұл – біздің бизнес пен жұртшылықтың бірлескен күш-мүмкіндігі арқылы ұлттық мұраны сақтаумыздың және салт-дәстүрді сақтап, дамытатын ұрпақты қалай тәрбиелейтіндігіміздің жарқын мысалы.

ШҚО ұлттық тоғызкұмалақ спорты Федерациясы 2022 жылы қарашада құрылды. Өңірде бұл ойынмен 700-ден астам ойыншы шұғылданады. Шығыс Қазақстан Федерациясының тәрбиеленушілері Республикадан тыс жерлерде де жүлделі орындарды жеңіп алып жүр. Атап айтқанда, 15 жасар Еркін Ернар өткен жылғы жазда Монғолияда өткен Азия Чемпионатында 20 минуттық ойында бірінші болды. Сондай-ақ талантты өскемендік Әлемнің үздік  спортшыларының ондығына кіреді.

Серіктес жаңалықтары