×
498.34
519.72
4.85
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
498.34
519.72
4.85

Qazaq Stroy су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 500 млн теңге көмек береді

02.04.2024, 17:02
Qazaq Stroy су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге 500 млн теңге көмек береді

"Qazaq Stroy" компаниясында құрылған топтар  су тасқыны салдарынан зардап шеккен Қазақстан өңірлеріне 500 млн теңге қаржылай көмек көрсетеді, деп жазады Ulysmedia.kz.

Qazaq Stroy бөлінген қаражатқа құрылыс материалдары мен бірінші кезекте қажетті заттар сатып алынатынын хабарлайды.

– Мұндай қиын кезеңде біз бірігуіміз қажет. Тұтас бір аймақ зардап шекті. Тек Ақтөбедегі су тасқынынан 150-ден астам үй құлады, ал барлық облыста 700-ден астам үй су астында қалды.  Адамдар баспаналарын қалыпқа келтіріп, үйлеріне тез оралуы үшін көмек көрсеткіміз келеді", - делінген компанияның ресми хабарламасында.

Qazaq Stroy жүктер тиелген фуралар жақын арада межелі пункттерге жіберілетінін атап өтті.

Бектеновтың тапсырмасы 

Үкімет басшысы Олжас Бектенов бүгін су тасқынына байланысты үкімет мүшелері мен министрлерге бірқатар тапсырма берді. Оның айтуынша, эвакуациялау – бірінші кезекте, халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Бектенов сол себепті құтқарушылардың жұмысын қиындатпай, оларға қарсылық емес, керісінше, қолдау көрсету керектігін айтады.

Қазақстанның бірнеше өңірінің халқы неше күннен бері су тасқыны азабын көріп жатыр. Төтенше жағдайлар министрлігі су тасқының жағдайына “тұрақты-күрделі” деп баға береді. Батыс аймақтарда су аздап төмендеген, орталық, солтүстік және шығыс бөліктерінде керісінше өзендер деңгейінің қарқынды жоғарлауы байқалады. Су басу аймағында 5 облыстар қалуда, әкімдіктермен жергілікті ауқымдағы 20 төтенше жағдай жарияланған.