×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Ұлытау облысында күш құрылымдарының 11 қызметкері азаптау фактісі бойынша тергеуге ілінді

03.04.2024, 10:50
Коллаж: ulysmedia.kz.

Бас прокуратура қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне қарасты №62 мекемесіндегі
азаптау фактісі бойынша ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Құзырлы орган не дейді?

Бас прокуратура Ұлытау облысы прокуратурасының сотқа дейінгі тергеп-тексеру басқармасы ІІМ қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің Қарағанды және Ұлытау облысы бойынша №62 мекемесі мен Ұлттық ұлан №6505 әскери бөлімінің қызметкерлеріне қатысты азаптау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу аяқталғанын хабарлайды. Мекеменің 7 және әскери бөлімнің 4, жалпы 11 қызметкерлері айыпқа тартылған. Олар тергеу нұсқасы бойынша, №62 мекемесінде жазасын өтеп жатқан 11 сотталғандарды кемсітіп, сол мекемеде жазасын өтеп жатқан басқа да сотталғандарды қорқыту мақсатында күш қолдану арқылы оларды азаптағаны анықталған.

– Лауазымды тұлғалар өздерінің жасаған қылмыстық құқық бұзушылықтарын құқық қорғау органдарынан жасыру мақсатында сотталғандарды мекеме және әскери бөлім қызметкерлеріне бағынбағаны жөнінде жоғары тұрған басшылырына баяндаған. Тергеу барысында күдіктілерге бұлтартпау шаралары қолданылып, тергеу сотымен олар лауазымдарынан уақытша шеттетілді, – деп хабарлайды құзырлы орган.

Қылмыстық іс сотқа жолданған. Бұдан басқа ақпаратты құзырлы орган заңға сүйеніп, жария етпейді.

Серіктес жаңалықтары