×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Жайық суынан қауіп көп: шаһар билігі не тындырып жатыр

06.04.2024, 13:09
Ашық дереккөзден

Атырау облысы әкімінің орынбасары Жасұлан Бисембиев бүгін Жайық өзенінің су деңгейі көтеріле бастағанын хабарлады. Сәйкесінше, қауіп те арта бастады, деп жазады Ulysmedia.kz.

Оның айтуынша, екі апта бұрын Жайықтан көп көлемде су келетіні хабарланған. Ал бүгін өзеннің су көтерілгені тіркелді.

“Кешегі күнмен салыстырғанда Индер ауданында өзен суы бір тәулік ішінде 52 см көтерілді. Атырау қаласында, Махамбет ауданында су деңгейінің көтерілуі айтарлықтай байқалған жоқ. Десе де, екі ауданда да 100-ден астам техника жұмылдырылды. Сондай-ақ 3 мыңнан астам түрлі қызмет өкілдері, еріктілер тартылды. Атырау қаласы төмен деңгейде орналасқандықтан Жайықтың суы осы маңда көп қауіп төндіретіні белгілі. Осы ретте, учаскелерде 300-ден астам арнайы техника, 5 мыңнан астам еріктілер жұмылдырылды. Жайықтың Атырау қаласындағы ұзындығы 100 км құрайды. Біз бүгіннен бастап әр шақырым бойынша бақылау бекеттерін ұйымдастырдық. Онда түрлі қызмет өкілдері тәуліктік бақылау жасайды”, – деді Ж.Бисембиев.

Белгілі болғандай шаһар билігі су тасқынына дайындық барысында 1993 жылғы картаны тапқан.

“Онда Жайықты қоршаған дамбылардың схемасы бар. Оған сәйкес, біз жағалауды ішкі жақтан ғана бекітпей, қала үстінен 3 дамбының құрылысын бастап кеттік. Бұл іске өңірдегі ең ірі 6 мұнай компаниясы атсалысуда”, – деді ол.

Ж.Бисембиевтің айтуынша, Құлсары қаласы толықтай суға кеткен жоқ. Шаһардың 50 пайызын су басқан. Қазіргі мақсат – суға кетпеген нысандарды аман сақтап қалу. Осы мақсатта су сору, құм толтырылған қаппен қоршау сияқты тиісті жұмыстар жалғасып жатыр. 

Серіктес жаңалықтары