×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Әлемде кофенің бағасы қымбаттады

06.04.2024, 14:56
Ашық дереккөзден

Баға соңғы 16 жылда болмаған деңгейге өскен, деп жазады Ulysmedia.kz.

Блумберг басылымының хабарлауынша, қазір робуста сұрпының бір тоннасы 3800 доллардан саудаланып жатыр екен.

“Мұндай жағдайға кофе тапшылығына қатысты қауіп себеп болды”, – дейді сарапшылар.

Мәселен, әлемдегі ең ірі кофе өндіруші ел саналатын Вьетнамда құрғақшылық қысты. Судың жоқтығынан өнім аз жиналуы мүмкін. Тіпті, күзде кофе экспорты азаяды деген қауіп бар.

Сондай-ақ, кофе шығаратын тағы бір елді  – Бразилияны соңғы жылдары қуаңшылық жайлаған. Мамандар 2050 жылға қарай робуста сұрпының өндірісі  2 есеге төмендейтінін алға тартып отыр.
 

Серіктес жаңалықтары