×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Су тасқыны болған аумақтарда қанша дәрігер жүр

07.04.2024, 09:07
ДСМ

Су тасқыны болған өңірлерде 3 мыңға жуық медицина қызметкері тұрғындарға күшейтілген режимде көмек көрсетіп жатыр, деп жазады Ulysmedia.kz.

Медицина қызметкерлері құтқарушылармен және басқа да шұғыл қызметтермен қатар барлық мұқтаж жанға медициналық көмекке үздіксіз қол жеткізуді қамтамасыз ете отырып, күшейтілген режимде жұмыс істеуде.

Осынау қиын кезеңде жергілікті төтенше жағдай жарияланған 10 өңірде 3 мыңға жуық медицина қызметкері өздерінің ең маңызды миссиясын - азаматтарымызға медициналық көмек көрсетуді және олардың денсаулығын сақтауды жалғастырып жатқанын ерекше атап өткім келеді. Су басқан аумақтарда 300-ге жуық жедел медициналық бригада жұмыс істеуде,- деді Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова өзінің әлеуметтік парақшасында.

Айта кетейік, төтенше жағдайларда медициналық ұйымдар тәулік бойы жұмыс істейді. Әрбір науқасқа қажетті медициналық көмек көрсетіліп, дәрігерлер тарапынан қолдау көрсетіледі. Күйзеліс, қобалжу және мазасызданған тұрғындар арнайы мамандардан білікті психологиялық көмекке жүгіне алады.

Санитарлық-гигиеналық және эпидемияға қарсы шаралар кешенін жүргізу үшін санитарлық-гигиеналық қызметтен 900-ге жуық маман жұмылдырылды.

Денсаулық сақтау министрлігі 10 өңірде халықтың денсаулығын сақтау, оның ішінде дәрі-дәрмекпен және медициналық мақсаттағы бұйымдармен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстап, жүкті әйелдердің, балалар мен қарттардың жағдайына ерекше назар аударуда.

Серіктес жаңалықтары