×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Атырау облысында төтенше жағдай жарияланды

07.04.2024, 15:45
gov.kz

Облыс әкімінің шешімімен Атырау облысында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Атырау облысының аумағында табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын. Облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасары табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жою басшысы болып тағайындалсы. Оған табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жоюға бағытталған іс-шараларды жүргізу тапсырылсын», - делінген облыс әкімінің шешімінде. 

Бұған дейін мұндай төтенше жағдай Қызылқоға және Жылыой ауданында жарияланған. Қазір екі ауданда да төтенше жағдай сақталып отыр. 

Серіктес жаңалықтары