×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Павлодар облысы аудандарының бірінде ТЖ режимі алынды

07.04.2024, 17:03
Павлодар облысының әкімдігі

Павлодар облысы Ақтоғай ауданының ТЖ жөніндегі комиссиясы ағымдағы жылдың 2 сәуірінде Жалаулы ауылында енгізілген жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы ТЖ режимін алып тастау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Павлодар облысының әкімдігі хабарлады. Ауылда ТЖ жарияланған күннен бастап тәулік бойы 12 ауыр техникамен қазаншұңқырларды орнату жұмыстары жүргізілген. Тұрғын үйлерді су басу қаупі толығымен жойылды, жағдай тұрақтандырылды.

"Су тасқыны кезінде үйлері зардап шеккен барлық ауыл тұрғындарына жан-жақты көмек көрсетіледі. Арнайы комиссия келтірілген залалды бағалайды, оның түпкілікті қорытындысы ағымдағы жылдың 10 сәуіріне дейін шығарылатын болады. Нәтижесінде зардап шеккен үй иелеріне бюджеттен тыс қорлардан өтемақы төленетін болады", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, Жалаулы ауылында 14 тұрғын үй су астында қалған болатын.

ТЖД және жергілікті билік органдарының күшімен су тасқынына қарсы іс-шаралар басталғаннан бері 190 мың текше метрден астам еріген су сорылды.

Серіктес жаңалықтары