×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Шәпкенов Атырау облысында су тасқыны қаупі ең жоғарғы өңірлерді атады

07.04.2024, 19:50
Шәпкенов Атырау облысында су тасқыны қаупі ең жоғарғы өңірлерді атады

Атырау облысы әкімі Серік Шәпкеновтың айтуынша, су тасқынымен күресте 2 млрд теңге бөлінген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz. 

Бұл сома өсуі мүмкін дейді әкім. Шәпкенов халық ұшыраған шығынның бәрі есептеліп, өтелетінін айтады.

Атырау облысы әкімінің айтуынша, ең жоғарғы тәуекел Индер, Махамбет ауданы мен Атырау қаласына төнген.

Еске сала кетейік, бүгін үкімет басшысы Олжас Бектенов ауыз судың сапасы мен эпизоотиялық жағдайға бақылауды күшейтуді тапсырған еді. 

Премьер-министр, штаб жетекшісі Олжас Бектенов келесідей тапсырмалар беріп отыр.

  • Денсаулық сақтау министрлігі су басқан аймақтардағы санитариялық-эпидемиологиялық жағдайды, атап айтқанда, ауыз судың сапасын бақылауды күшейтуі керек;
  • Ауыл шаруашылығы министрлігі эпизоотиялық жағдайдың нашарлауына жол бермей, үй және жабайы жануарларға қажетті ветеринариялық бақылауды қамтамасыз етуге тиіс;
  • Ішкі істер министрлігі эвакуацияланған халықтың мүлкінің сақталуын қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет;
  • әкімдіктер эвакуациялық пункттердегі халықты қажетті заттардың барлығымен қамтамасыз етіп, сондай-ақ қалпына келтіру жұмыстары кезеңінде оларды уақытша орналастыру мәселесін пысықтауы қажет.