×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Саран қаласының тұрғыны ұлтаралық алауыздық тудырғаны үшін сотталды

10.04.2024, 12:27
Фото: видеодан скрин

Қарағанды облысы Саран қаласының тұрғыны Қазақстанның аумақтық тұтастығына қарсы сөйлегені үшін сотталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Ер адам «Рулетка» чаты алаңында шетелдік азаматпен онлайн сөйлескен. Сөз барысында ол Қазақстанның аумақтық тұтастығына қатысты Конституцияға қарсы көзқарасын білдіріп, жеке ұлттарға қатысты пікір айтқан. Бұл желі қолданушыларының наразылығын тудырды. Сараптамалар Саран қаласы тұрғынының мәлімдемелерінде сепаратистік көзқарас және ұлтаралық көзқарас белгілері бар екенін растады. 

Сот Саран қаласы тұрғынына қылмыстық кодекстің 174 (Әлеуметтік, ұлттық, рулық, нәсілдік, таптық немесе діни араздықты тудыру) және 180-баптарына (Сепаратистік әрекет) сәйкес 5 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады. 

Серіктес жаңалықтары