×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті қызметкерінен 129,4 млн теңге тәркіленді

10.04.2024, 15:47
Фото: inbusiness.kz

Астанада Мемлекеттік кірістер департаменті Жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының аудит бөлімінің басшысы ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі Данияр Бегайдаров мәлім етті.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет жасырын іс-шаралардың нәтижелері бойынша ауыр жемқорлық қылмыс жасады деген күдікпен Астана қаласы Мемлекеттік кірістер департаменті жанама салықтарды әкімшілендіру басқармасының ҚҚС (қосылған құн салығы) аудит бөлімінің басшысын ұстады. Ол 36 млн теңге сомасында ҚҚС қайтару бойынша оң шешім қабылдағаны үшін кәсіпкерлік субъектісінен 3,6 млн теңге сомасында пара алған, - деді ол. 

Антикор өкілінің айтуынша, тінту барысында оның үйінен 129,4 млн теңге тәркіленген. 

Күдікті соттың санкциясымен күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды. Тергеу жалғасуда, - деді ол. 

Серіктес жаңалықтары