×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Facebook Қазақстанмен дербес келісім жасалғанын жоққа шығарды – БАҚ

02.11.2021, 09:19
Фото: Ашық дереккөзден

Мұндай ақпаратты бүгін Reuters таратты, деп хабарлайды ulysmedia.kz порталы.

«Қазақстан үкіметі бірлескен мәлімдемені орталықазиялық елдің Facebook-ті жергілікті миллион қолданушыға бұғатталатынын ескерткеннен кейінгі мәміле шешім ретінде жарнамалап отыр. Ондағы министрлер кабинеті келісім Қазақстан заңсыз деп таныған контентті жою процесін жеңілдететіні туралы мәлімдеме таратты», - делінген ақпаратта.

Reuters сонымен қатар Meta Platforms компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша саяси коммуникация бөлімінің директоры Бен Макконахиға электронды хат жолдап, мынадай жауап алғанын келтіреді.

«Біріншіден, біз Қазақстан үкіметімен бірлескен мәлімдемені жариялаған жоқпыз. Оның орнына Қазақстан үкіметі жергілікті заңнаманы бұзатын контентті шектеу туралы үкіметтердің сұрауларына арналған жаһандық процесте біздің олармен өткізген талқылауға негізделген өзіндік мәлімдемесін таратты», - деген Бен МакКонахи.

Ол өз сөзінде бұл жұмыс «Қазақстан үшін дербес емес екенін және бүкіл әлемдегі үкіметтермен жүргізіліп жатқан жалпы процес екенін» мәлім еткен.

Айта кетсек, кеше Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі мен Facebook интернеттегі балалардың құқықтарын қорғауға баса назар аудара отырып, зиянды контентке қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша тығыз ынтымақтастық туралы келісімге келгенін хабарлаған болатын.

«Қазақстан Республикасының Үкіметіне ақпараттық кеңістіктің қауіпсіздігін арттыру мәселесін шешуге көмек көрсету мақсатында Facebook Қазақстанға ішкі «Контентті хабарлау жүйесіне» («Content Reporting System» (CRS) тікелей эксклюзивті қолжетімділік берді. CRS Министрлікке Facebook жаһандық контенттік саясатының да, Қазақстан Республикасының ұлттық заңнамасының да бұзушылықтары бар контент туралы жедел хабарлауға мүмкіндік береді»,- деген еді министрліктен.

БАЛАЕВА НЕ ДЕЙДІ?

Бұл жайлы ақпарат және қоғамдық даму министрі Аида Балаева Facebook парақшасында жағдайды былай түсіндірді.

«Бұқаралық ақпарат құралдарында «Meta» («Facebook») компаниясының Азия-Тынық мұхиты аймағы бойынша Өңірлік кеңсесінің коммуникациялар жөніндегі директоры Бен МакКонэхи мырзаның (Ben McConaghy) теріске шығарған мәлімдемесіне байланысты Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі келесіні хабарлайды. Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі негізгі келіссөздерді Гонконг қаласында орналасқан Қытай, Моңғолия және Орталық Азия өңірі бойынша «Meta» («Facebook») компаниясының өңірлік офисімен жүргізді. 1 қарашада жарияланған біріккен мәлімдеменің мәтіні мен оның БАҚ-да жариялануы аталған аймақтық кеңсенің басшылығымен толықтай келісілген болатын», – дейді Аида Балаева.

Серіктес жаңалықтары