×
$
445.65
508.71
5.3
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
445.65
508.71
5.3

Әзербайжан Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты Қазақстанға көңіл айтты

Бүгін, 16:41
Әзербайжан Каспийде қаза тапқан әскери қызметшілерге байланысты Қазақстанға көңіл айтты
Ulysmedia

Әзербайжан Сыртқы істер министрлігі Каспий теңізіндегі оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан қазақстандық әскери қызметшілерге байланысты Қазақстан халқына көңіл айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ведомство бұл туралы X әлеуметтік желісінде мәлімдеме жариялады.

— Қазақстан Әскери-теңіз күштерінің Каспий теңізіндегі әскери оқу-жаттығуы кезінде адамдардың қаза болғаны туралы қайғылы хабарды терең күйзеліспен қабылдадық. Қаза тапқандардың отбасылары мен жақындарына, сондай-ақ бауырлас Қазақстан халқына және Үкіметіне шын жүректен көңіл айтамыз. Із-түзсіз жоғалғандардың аман-есен табылуына және зардап шеккен әскери қызметшінің тезірек сауығып кетуіне тілектеспіз, — делінген Әзербайжан СІМ мәлімдемесінде.

Контекст

Бұған дейін Қазақстан Үкіметі қайғылы оқиғаны тергеу жөніндегі комиссия құрғанын жазған едік. Оны вице-премьер Қанат Бозымбаев басқарады. Комиссия құрамына қорғаныс министрі, Маңғыстау облысының әкімі және бас әскери прокурор кірді.

Қайғылы оқиға 24 қыркүйекте «Хазар қорғаны-2026» оқу-жаттығуы кезінде болды. Кенеттен соққан дауыл салдарынан 19 әскери қызметші теңізге құлап кеткен. Тоғыз адам қаза тапты, үшеуі құтқарылды, қалғандарын іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Әскери қызметшілердің қаза болуына байланысты қылмыстық іс қозғалды.

Deeply saddened by the tragic loss of lives during the military exercises of the Navy of #Kazakhstan in the Caspian Sea. We extend our deepest condolences to the families and loved ones of the fallen servicemen, as well as to the brotherly people and Government of Kazakhstan. May Allah grant the deceased eternal peace and their families strength and patience during this difficult time. We hope for the safe rescue of those still missing and wish a speedy recovery to the injured serviceman. 🇦🇿🇰🇿 @MFA_KZ

— MFA Azerbaijan 🇦🇿 (@AzerbaijanMFA) September 24, 2026