×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Салтанат сағат 15:00-17:00 шамасында қайтыс болды – Байжанов

11.04.2024, 12:52
Салтанат сағат 15:00-17:00 шамасында қайтыс болды – Байжанов
Коллаж: Ulysmedia

Қуандық Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов түскі ас кезінде Салтанатты тірі көргеніне сендірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың азапталған бейнежазбалары 13.30-ға дейін жойылғанын айтты. Осы уақытқа дейін ол Салтанатты екі рет көрген.

Алғаш рет Бишімбаев мені кіргізбей, көрпе алып келуімді өтінді. Сол кезде Салтанатты байқадым, ол басын төмен салып отыр, мен бұл туралы айтып қойғанмын. Ал бір-екі минуттан кейін Бишімбаев екінші рет үйге барамыз дегенде бірге Салтанатқа тұруға көмектестік. Мен оны бір жағынан, Бишімбаев екінші жағынан көтердік. Сол кезде ол орнынан тұрмақ болып, қолымнан ұстап алды, - деді сотталушы.

Ол Салтанат Нүкенованың қашан қайтыс болғанын білмейтінін атап өтті, бірақ өлім сағат 15.00 мен 17.00 аралығында болды деп болжады.

Сот медициналық сараптама қорытындысында Салтанат жарақат алғаннан кейін 6-8 сағаттан кейін қайтыс болды деп жазылған. Егер ол таңғы сағат 7.00-ден 9.00-ге дейін жарақат алса, онда Салтанат кешкі астан кейін, сағат 15.00-ден 17.00-ге дейін қайтыс болды, - деп түйіндеді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді. 9 сәуірдегі отырыста сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді. Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген.

10 сәуірде өткен сотта судья Айжан Көлбаева БАҚ пен әлеуметтік желіге 9 сәуірде алқа билердің суреті тарап кеткенін мәлімдеді. Ол бұлай болмайтыны БАҚ өкілдеріне ескертілгенін, сол үшін тиісті тексеру жұмыстары жүргізілетінін хабарлады. Тексеру жұмысының қорытындысы шыққанша сот залына журналистерді кіргізбеу жөнінде шешім қабылдады.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.