×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Сотта Бишімбаевтың ұсталған сәтінен видео көрсетілді

08.04.2024, 18:42
Фото: Скриншот

Видео оқиға орнына барған полиция қызметкерінің видеожетонына түсірілген. Кадрда бұлыңғыр болса да Бишімбаевтың сұрақтарға жылап жауап беріп тұрғаны көрінеді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Видеожетонда не түсірілді

Бүгін сот тағы бір куәгер – былтыр 9 қарашада “Бао” мейрамханасына барып, істі тіркеген полиция қызметкері Сергей Марченко жауап берді. Ол алғаш істі тіркеп, тиісті тергеу-тексеру амалдарын жүргізгенін айтып берді.

Сот барысында полиция қызметкерінің бірінің видеожетонына түсірілген видео көрсетілген. Сол күні полицейлер “Бао” мейрамханасына жүгіріп кіргені көрінеді. Сотталушылар Қуандық Бишімбаевқа бірнеше сұрақ қойғаны көрінеді. Жауап беру барысында “иә, мен оны ұрдым, біз таңға дейін ұрсыстық, ол қорылдап ұйықтап жатқан” деп жауап берген Бишімбаевтың дауысынан дірілді, жылағанын сезуге болады. Екінші видеода сәл тынышталған ол болған оқиғаны баян етіп, айыпты мойындайтынын айтып отырады.

Бишімбаевтың адвокаты Ерлан Ғазымжанов ол кезде айыпталушы өзіне аса қатігездікпен кісі өлтіру бабы бойынша айып тағылатынын білмегенін айтады. Ал марқұм Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді Бишімбаевтың сол кезде уайымы көрінбей, оп-оңай жауап беріп отырғанына сот пен алқа билердің назарын аударуға тырысты. 

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.

Серіктес жаңалықтары