×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

«Тырысқақ диагнозы қойылды»: Денсаулық сақтау министрлігі ескерту жасады

12.04.2024, 10:26
Фото: ашық дереккөз

Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі азаматтарға тырысқақ ауруына байланысты ескерту жасады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Денсаулық сақтау министрлігі қазақстандық туристерге тырысқақ ауруы бойынша қолайсыз елдерге (Африка, Азия, оның ішінде Үндістан, Ауғанстан, Пәкістан елдері) бару кезінде мынадай кеңес береді:

  • қайнатылған немесе бөтелкедегі суды ішу;

  • әр түрлі сусындарды салқындату үшін мұзды пайдаланбау;

  • ⁠өнімдерді тұтыну алдында тиісті термиялық өңдеу;

  • жемістер мен көкөністерді қайнатылған немесе бөтелкедегі сумен мұқият жуу;

  • тамақ ішер алдында және дәретханаға барғаннан кейін қолды сабынмен мұқият жуу;

  • тек рұқсат етілген су айдындарында шомылу және оның суын жұтпау;

  • аурудың алғашқы белгілері пайда болған кезде өздігінен емделуге болмайды, дереу медициналық көмекке жүгіну керек.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, Қырғызстан азаматшасы Делиден Алматы арқылы үйіне бара жатқан. Санитарлық-карантиндік бақылау мамандары дер кезінде әйелді медициналық тексеруден өткізді. Тест нәтижелеріне сәйкес әйелге тырысқақ диагнозы қойылды.

Министрлік мәліметінше, эпидемиологиялық қызметтердің инфекция ошағын уақтылы анықтауы және оқшаулауы ел ішінде тырысқақтың таралуының алдын алды. 

Тырысқақ (холера) – Vibrio cholerae түрінің бактерияларынан туындайтын аса қауіпті ішек инфекциясы. Дененің тез сусыздануы гиповолемиялық шок пен өлімге әкеледі.

Серіктес жаңалықтары