Әнші Төреғали Төреәлінің қарындасы Фариза Төреәлі әлеуметтік желіде өз атын пайдаланатын алаяқтар барын айтты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
Бұл - алаяқтар. Менің атымды жамылып, ақша тауып жүр. Ар, ұят, намыс дегеннен безген адамдардың ісі. Алдап тапқан ақшаның не берекесін күтеді? Бұл нәрсе ауыр болып қайтады. Алла жазасын береді. Алданып, ақша жібермеңіздер. Мен курста ғана сыйлықтар жасаймын. Өзімнің ресми парақшамнан жазамын. Видеомен хабарласып, жеңімпаздан бір тиын алмаймын, - деп жазды ол Instagram-парақшасында.
Еске салсақ, полиция Қазақстандағы интернет-алаяқтарының істерінің жартысынан көбін аша алмай отырғандарын айтқан болатын.
Иә, шынымен де проблемалар бар. Интернетте ақпараттық технологияларды қолдана отырып жасалатын қылмыстың түрі бұл. Алаяқ шетелде екенін білген кезде қиындықтар туындайтынын сеземіз. Міндетті түрде сол елдерге сұрау саламыз. Ұлттық заңнаманың ерекшеліктеріне байланысты жауап беру уақыты ұзарып кетеді. Осыған байланысты бұл қылмыстық істер тоқтатылады, - деді Киберқылмыспен күрес орталығының бастығы Жандос Сүйінбай.