×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

АҚШ-тағы қазақстандықтар жылу жинап жатыр

13.04.2024, 17:02
Ашық дереккөзден

Мұхиттың ар жағындағы отандастар елдегі су тасқынына алаңдаулы, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Ұзақ жылдан бері Америкада тұратын олардың көбінде қазақстандық банктерде ашылған есепшоттары жоқ. Сондықтан тікелей қаржылай көмек көрсету қиын. Соған қарамастан барлық мүмкіндікті қарастырып, қол ұшын созып жатыр.

АҚШ астанасы Вашингтон мен оның маңайындағы Мэриленд және Вирджиния штаттарында үлкен қазақ диаспорасы шоғырланған. Олардың басын біріктіріп, түрлі мәдени ұлттық іс-шаралар ұйымдастырып жүрген Қазақ-американ қауымдастығы тасқыннан зардап шеккен ағайынға қаржылай көмек көрсету мақсатында арнайы қор құрып, америкалық банктен шот ашты.

АҚШ-та жұмыс істеп, табыс табатын әр адам кірісін салық басқармасында көрсететіндіктен, қаражаттың қайырымдылыққа жұмсалғанын дәлелдейтін құжат беріледі. Салықтық жеңілдік жасалады. Сол себепті Қазақстанға қаржылай көмек жобасына өзге ұлт өкілдерін де тартуға  болады, – дейді ұйымдастырушылар.

Серіктес жаңалықтары