×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Шындықты көрмедік - Нүкенованың туыстары Байжановты кешірмейтінін айтты

13.04.2024, 19:01
Коллаж Ulysmedia

Бұған дейін Салтанат Нүкенованың ағасы Қайрат Нүкенов Бишімбаевтың інісі Бақытжан Байжанов шындықты айтса, кешіретінін айтқан болатын. Десе де, Байжановтан алынған жауаптардан кейін ойлары өзгерген сияқты, деп жазады Ulysmedia.kz.

"Біздің отбасымыз Байжановты кешірмейді. Аянышты сөздердің артынан шындықты көрмедік! Оның спектакльді қалай керемет ойнағанын барлығы байқады деп үміттенемін (жанжал, қарғыс және т.б.). Бірақ осы шоудың артында ол (Бишімбаев - еск.) нұсқасын толық қолдайды. Азаптауды растайды, ол үшін (Бишімбаевқа - еск.) ең көбі 2 жыл беріледі. Бірақ асқан қатыгездікпенн кісі өлтірілгенін растамайды, ал бұл ұзақ жыл бойы немесе өмір бойы түрмеге тоғытуы мүмкін аса ауыр қылмыс! Байжанов көлікті неге паркингке апарғандарын, неге денені көрпемен орағандарын ашып айтқан жоқ. Оларға скотч неге қажет болғанын, заттай дәлелдемелер қайда екенін айтпады. Нашатырь қайда кетті? Егер олар ояту үшін бір бөтелке пайдаланса және ол оянбаса, бұл жайт біртүрлі көрінбеді ме? Аяқкиім мен штативте иістер мен іздер жоқ (бірақ біз нашатырь иістер мен іздерді жақсы кетіретінін білеміз). Гастроцентр ауданын қоршап алған МКҚ қызметкерлері оларға қалай кедергі келтіргені туралы да айтқан жоқ!" - деп жазды Самал Нүкенова.

Естеріңізге салсақ, Қайрат Нүкенов Байжанов тек ағасының кесірінен тергеліп жатқанын айтқан еді. “Ол бес ай бойы тергеліп жатқаны үшін ағасына “көп рахмет” айтуы керек. Оның балалары барын білеміз. Әйелі, әке-шешесі бар. Әке-шешесімен кездестік. Өте жақсы отбасы. Маған солай көрінді. Байжанов Бишімбаев сияқты емес – ол бәрін соның ықпалымен істеген. Ол сотта шын жауап берсе, біз де адамбыз ғой – кешіруге дайынбыз”, деген болатын.

Серіктес жаңалықтары