×
494.87
520.65
4.91
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
494.87
520.65
4.91

Әкесі мен баласы жоғалған: Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды

14.04.2024, 10:54
Әкесі мен баласы жоғалған: Құлсарыда ер адамның мәйіті табылды
Коллаж Ulysmedia

Атырау облысы Жылыой ауданы Құлсары қаласында 6 сәуірде жоғалып кеткен ер адамның денесі табылды, деп жазады Ulysmedia.kz.

Бұған дейін ер адамның ұлымен бірге су басқан үйін көруге шыққаны, бірақ оралмағаны хабарланған болатын. Кейін олардың көлігі табылған еді.

Марқұмның қызы құзырлы органдар жоғалған адамдарды іздемейтінін алға тартты. Осыдан кейін қосымша күштер тартылған-ды.

6 сәуірде сағат 17:52-де Атырау облысы ТЖД-ға 48 жастағы ер адам мен оның 24 жастағы ұлы Құлсарыдағы су басқан үйді тексеруге шығып, қайтып оралмағаны туралы хабар келіп түскен.

"Хабарлама түскен бойда құтқарушылар аталған мекен-жайға барды. Келген кезде үйдің есігі көбікпен жабылғаны анықталды. 6 сәуірде сағат 20:57-де құтқарушылар жүзу құралдарының көмегімен тәулік бойы іздеу жұмыстарын жүргізуге жұмылдырылды", - делінген хабарламада.

Бүгін ер адамның денесі олардың үйінен 1 км қашықтықта табылды. 24 жастағы жігітті іздеу жалғасуда.

Естеріңізге сала кетейік, 7 сәуірде Құлсарыда екі адамның денесі табылған еді. 6 сәуірде 1974 жылы туған ер адам досымен бірге тиісті рұқсатсыз су басқан тұрғын үйді тексеру үшін трактормен кетіп, жолда, аударылған.

9 сәуірде сағат 12:27-де Құлсары қаласында "Рамазан" дүкенінің жанында Атырау облысы ТЖД құтқарушылары судан ер адамның мәйітін тауып алып шықты.