×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Суға кеткен Құлсарыда жергілікті олигархтар заңсыз бөгет салып алған - депутат

14.04.2024, 11:29
Коллаж Ulysmedia

Мәжіліс депутаты Абзал Құспан өзінің Фейсбук парақшасында Құлсарыдағы апатқа табиғи фактормен қатар жекелеген адамдардың кінәсі бар екенін жазды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

“Кем дегенде 5 адам қаза тапқан, қаладағы үйлердің 3/1-і суға кеткен Құлсарыдағы жағдайға күрт көтерілген Жем өзені, яғни табиғи фактордан бөлек, құрығы ұзын жекелеген адамдардыңда қатыстылығы туралы әңгіме біз барған, кездескен жердің бәрінде дерлік айтылды. Тек құр сөз емес, қолыма нақты құжаттарда тиді, белсенді азаматтар мен ақсақалдар, тіпті облыстық маслихат депутаты тарапынан, заңсыз, ешқандай құжатсыз бөгет соғып алған жергілікті олигархтарға қатысты мәселе - өткен жылдың, иә, иә қате естімедіңіз, 2023 жылдың қараша айынан бастап көтерілген. Алайда, ешбір лауазым иесі уақытылы құлақ түрмеген,  заңды шешім қабылдамаған…”, – деді А.Құспан.

Депутаттың айтуынша, бұл бағытта көлеңкелі дүниелер аз емес.

“Қаладағы толықтай дерлік суға кеткен Атырау мөлтекауданына бару үшін жүк көлігі немесе қайық керек. Кезінде 3 жыл уақытта салып боласыңдар деп бөлінген жердің, анығы сайдың ПДП-сы қай әкім тұсында жасалғаны әлі анықтауды қажет етеді. Бұдан басқа да анықтауды қажет ететін мәселелер Құлсарыда жеткілікті, жалпы Президент бұл бағыттағы жұмыстарды ҚР Бас прокуратурасы на тапсырғаны белгілі. Тиісінше, менің тарапымнан Астанаға жету бойы қолдағы бар құжат адресатқа жеткізілетін болады. 

Ал әзірге, апат салдарын еңсеру - әліде басты мәселе боп қалып отыр,  бүгінде бүкіл ел болып жұмыла кіріскен осы жұмыстарымызды жалғастыра беруіміз керек, басқа жол жоқ!”, – деді депутат.

Естеріңізге салсақ, бұған дейін Маңғыстау облысы ТЖД Атырау облысы Жылыой ауданының Құлсары қаласы мен елді мекендерінен Маңғыстау облысына 8738 адам эвакуацияланғанын мәлімдеген болатын.

Серіктес жаңалықтары