×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

Қазақстанның төрт облысында гидрологиялық дабыл ескертуі сақталады

15.04.2024, 11:24
Коллаж: ulysmedia.kz.

Қазақстанның төрт облысында гидрологиялық дабыл ескертуі сақталады. «Қазгидромет» мекемесінің баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлова осындай ақпарат таратты, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Қазгидромет не дейді?

«Қазгидромет» республикалық мемлекеттік кәсіпорнының баспасөз хатшысы Алина Ысмағұлованың айтуынша, төрт өңірде гидрологиялық дабыл ескертуі сақталады. Мәселен, Алматы облысында 16 сәуірге дейін қар көшкіні бойынша дабылды ескерту күшінде. Ал Абай және Шығыс Қазақстан облысында өзендер деңгейінің көтерілуіне байланысты қарғын судың беткейден су жүруі мүмкін. Қостанай облысында да ахуал тұрақталмаған.

– Қостанай облысында 17 сәуірге дейін солтүстік және солтүстік батыс өлкелердегі өзен деңгейінің көтерілу қаупі бар. Жамбыл облысында 16 сәуірге дейін таулы және тау етегіндегі аймақтарда өзендер көтеріліп, беткейлерден су жүруі мүмкін, - дейді ол.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары