×
474.72
515.17
5.58
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
474.72
515.17
5.58

Ислам Байрамуков спорт колледжінің директоры болып тағайындалды

15.04.2024, 15:55
Фото: Спорт істері комитеті

Танымал спортшы Ислам Байрамуков Алматыдағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры лауазымына тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі ресми сайты жазды.

Байрамуковтың үш мамандығы бар

Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетінің бұйрығының негізінде Алматы қаласындағы «Республикалық спорт колледжінің» директоры лауазымына Ислам Ілиясұлы Байрамуков тағайындалды, - делінген хабарламада.

Ислам Байрамуков – еркін күрестен Еңбек сіңірген спорт шебері және Сидней Олимпиадасының күміс жүлдегері. 1971 жылы Жамбыл облысының Каменка ауылында дүниеге келген. Республикалық олимпиада резерві училищесін, Қазақ мемлекеттік дене шынықтыру институтының «Дене шынықтыру мен спорт оқытушысы» мамандығын бітірген.

Сондай-ақ әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде «Құқықтану» мамандығы, Мәскеу әлеуметтік-гуманитарлық университетінде «Қаржы және экономика» мамандығы бойынша білім алған.

1993-2004 жылдар аралығында «Штаттық ұлттық командалар мен спорттық резервтің дирекциясы» РМКК спортшы-нұсқаушысы болған. 

Басшы болған спортшылар

Еске салсақ, ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, Олимпиада жүлдегері Ақжүрек Таңатаров Жамбыл облысы әкімінің кеңесшісі болғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалғанын хабарлаған едік.

Биыл ақпан айында кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды.

 

Серіктес жаңалықтары