×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Боксшылар дәуірі басталды: Левит Астана спортына жауапты басшылыққа келді

29.02.2024, 12:43
Коллаж: Ulysmedia

Елорданың Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы лауазымына Василий Левит тағайындалды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Василий Алексеевич 1988 жылы Қостанай облысында туған.

Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері, екі олимпиада ойындарының қатысушысы, 2016 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері, әлем чемпионатының екі дүркін қола жүлдегері, Қазақстан тарихындағы алғашқы үш дүркін Азия чемпионы, Азия чемпионатының екі дүркін жүлдегері, бокстан халықаралық және ұлттық жарыстардың бірнеше дүркін жеңімпазы.

2022 жылдан бастап Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Қызметкерлерді физикалық шынықтыру басқармасының басшысы болып қызмет атқарды.

Еске салсақ, бұған дейін кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды.

Сондай-ақ ол комитет басшылығына не үшін басшы болуға келіскенін айтып берді.

Мен үшін елімізді жаңаша тұрғыда көрсету үлкен мәртебе болмақ. Маған Қазақстан ұлттық олимпиада комитетін басқаруды ұсынған кезде мен қазақстандық спорттың дамуына өз үлесімді қосуға мүмкіндік беру шартымен ғана өз кандидатурамды ұсынуға келістім. Өздеріңіз білетіндей, мен саясаткер де, шенеунік те емеспін. Мен өз ниетімді сөзбен емес, іспен дәлелдеуге дағдыланған адаммын. Өз көзқарасым бар, көп жылдық халықаралық тәжірибем бар, команда бар, ең бастысы - менің туған елімде бәрін жүзеге асыруға деген шынайы тілегім бар, – дейді Головкин.

Серіктес жаңалықтары