×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Құлыбаевтың орнына Головкин: Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы ауысты

26.02.2024, 14:50
Коллаж: Ulysmedia

Кәсіпқой боксшы Геннадий Головкин Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің президенті болды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz

Комитет бар, олимпиадашылар жоқ

Тимур Құлыбаев бұл қызметті тоғыз жыл атқарды. Оны алдында да комитетті елге белгілі адамдар басқарып кеткен.

Ұлттық олимпиада комитеті 1990 жылдың ақпанында құрылған. Оны Халықаралық олимпиада комитеті 1993 жылдың қыркүйегінде мойындады.

Көбі қазақстандық спорттың жетістіктері жыл сайын төмендеп бара жатқанына, жас бапкерлердің жоқтығы, ал халықаралық жарыстарда ел үшін легионерлер өнер көрсететінін айтып, комитетті жиі айыптайды.

Депутаттар сыны

Мәжілістің жалпы отырысында депутат Ермұрат Бәпи Ұлттық олимпиада комитетінің жұмысын қатаң сынады. Ал комитеттің өз жауабын саяси сипаттан тыс арнаға аударуға тырысып жатқанына назар аудармауға болмайды.

Олимпиадалық хартия ҰОК-ның автономиясын сақтау және барлық қысымға, соның ішінде саяси қысымға қарсы тұру міндеттемесін белгілейді, - дейді ҰОК өкілдері.

Головкин туралы аз-кем ақпарат

Қарағандының криминалдық ауданы Майқұдықтан шыққан боксшы Геннадий Головкиннің есімі 2006 жылдан бері кәсіби бокста танымал. 

Қазақстандық боксшының кәсіби лигадағы мансабы мақтаулы. Головкин өзінің жекпе-жектерінің көпшілігін мерзімінен бұрын аяқтаған. Қуатты және техникалық панчер және нокаут ретінде танымал. Ол 2008 жылдың 22 қарашасынан 2017 жылдың 18 наурызына дейін 9 жыл қатарынан 23 рет нокаутпен жеңіске жетті. Гиннестің рекордтар кітабына орта салмақ тарихындағы нокауттардың ең жоғары пайызы үшін енді. 2020 жылғы жағдай бойынша 21 рет қорғап, орта салмақтағы чемпиондық титулды қорғаудың жалпы саны бойынша рекордты жаңартты.

Бүгінде Геннадий Головкин барлық белбеуінен айырылған. Әлем чемпионы емес. Алайда әлемнің түкпір-түкпірінде бокспен айналысам деген жастарға үлгі бола білген адам.

Серіктес жаңалықтары