×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атыраудан Астанаға дейін билет 6 есе қымбаттаған: Air Astana мәлімдеме жасады

16.04.2024, 13:26
Ашық дереккөзден

Әуе компаниясының дерегінше желіде тараған скрин нұсқаларда бизнес-класс орындарының бағасы көрсетілген, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Оқиға қалай болды?

Қазақстандық журналист Асхат Ниязов әуе билеттері бағасының тым жоғарылып кеткенін айтқан еді. Ол Air Astana компаниясы арқылы Атыраудан Астанаға ұшпақ болған. Видеода Астанадан Атырауға шейін билет бағасы 16 228 теңге екенін көруге болады.

Бірақ Атыраудан Астанаға дейін 119 586 теңге.

«Air Astana қымбат билеттерге қатысты не деп еді? Фейк деді ме? Әлде қиын маршрутты таңдадыңыздар деді ме? Билет сатып алу кезінде агрегаторлар болды деді ме? Ок. Мен олардың сайтына кірдім. Міне, тіке рейсті көрсетіп түр. Бұл не сонда? Сіздердің ойларыңызша бұл қалыпты ма? Онда қандай тамаша баға екендігіне назар аударыңыздар. Дәл осы рейс кері бағытта 6 есе қымбат. Су басқан Атыраудан кеткісі келген адамдарға сіздер осылай көмектесіп жатырсыздар ма?  Оралда да тура осындай жағдай. Кері бағытта 3 есе қымбат!» - деп жазды журналист.

Air Astana компаниясы не деп жауап берді

«Әуе компаниясы расында Атыраудан ұшатын отандастар үшін 40 000 теңгелік арнайы тариф енгізген.Бірақ, мынаған назару аудару керек. Осы бағытта сұраныс өте жоғары. Өкінішке қарай рейстердегі орын саны шектеулі болғандықтан Атыраудан шығатын эконом-класс билеттер өтіп кетті. Сатылымда бизнес-класс билеттері ғана қалды.

Скрин нұсқада Атырау-Алматы бағытындағы бизнес-класс билетінің бағасы көрсетілген. Себебі 23 және 24 сәуірге эконом-класс қалмады. Сайттан осы бағыт бойынша эконом-класс билеттерін 25 сәуірден бастап табуға болады» - деп хабарлады компания.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берді.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары