×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Башқұрттар Қазақстанға қымыз жеткізуді екі есе арттырды

16.04.2024, 16:43
Фото: Башқұртстан үкіметінің баспасөз қызметі

Қазақстандықтар Башқұрстаннан жеткізілетін қымызды сүйсіне ішетінге ұқсайды. Биыл башқұрттар елімізге қымыз жөнелтуді екі есеге арттырған, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

RBC басылымының жазуынша, Башқұртстан қымызының негізгі сатып алушысы – Қазақстан. Қаңтар-наурыз айларында башқұрт өндірушілері Қазақстанға 2,5 мың тоннаға жуық қымыз өнімі мен құрғақ сүт жөнелтті. Бұл - өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,8 есе көп, яғни 1,3 мың тонна.

Сүт өнімдерінің барлық 464 партиясы Қазақстанға жіберілмес бұрын оны «Россельхознадзор» департаменті мамандары тексереді, өңделеді. Башқұртстанның сүт өнімдері Еуразиялық экономикалық кеңес стандарттарына сәйкес келеді, – делінген хабарламада.

Серіктес жаңалықтары