×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Ким мен Ломтадзе тасқыннан зардап шеккендерге 20 миллиард теңге аударады

17.04.2024, 21:38
Forbes

Kaspi.kz тең құрылтайшылары Вячеслав Ким мен Михаил Ломтадзе су тасқынынан зардап шеккендерге көмекке 20 млрд теңге аударады, деп хабарлайды Ulysmedia.kz   

Ким өзінің бүкіл елмен бірге екенін мәлімдеді.  

 "Мыңдаған отбасылар эвакуацияланды, олардың үйлеріне қашан оралатыны белгісіз. Кейбір елді мекендерде су әлі де келеді. Бұл қиындық ешкімді бей-жай қалдырмайды. Мемлекет, бизнес, біздің азаматтарымыз зардап шеккен аймақтардағы адамдардың өмірін жақсарту үшін қолдан келгеннің бәрін жасайды. Біз өз тарапымыздан мемлекет басшысының зардап шеккендерге көмек көрсету туралы үндеуін қолдап, су тасқынының салдарымен күресу үшін 20 миллиард теңге аударғымыз келеді", – деді ол. 

 Ломтадзе: “Зардап шеккен аймақтарда сүйікті клиенттер, серіктестер, біздің қызметкерлер өмір сүреді" деп атап өтті. 

 "Біз су тасқынының алғашқы күндерінен бастап олармен үнемі байланыстамыз және жағдайды жақсы білеміз. Біз бірден Kaspi.kz мобильді қосымшасында қайырымдылық жинауды ұйымдастырдық. Және қаражатты  Вiz birgemiz Qazaqstan қорына аудардық. Ол ақшаға құтқару техникасын, ЖЖМ және басқа да алғашқы көмекті сатып алуға жұмсалды. Өкінішке қарай, бірқатар  аймақтарда жағдай әлі де қиын. Біз Президенттің бастамасын қолдауды және осы қиын сәтте елге пайдалы болуды азаматтық міндетіміз деп санаймыз", – деді ол. 

Қаражат Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарында су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйін қалыпқа келтіруге, сатып алуға және салуға жұмсалады. 

Қазақстандағы су тасқыны 

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді. 

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген. Солтүстік Қазақстанда су өзеннен тасып,  облыс орталығының бірнеше ауданын су басты. 

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын. 

Серіктес жаңалықтары