×
441.44
473.09
4.75
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.44
473.09
4.75

Қазақстандық шоу-бизнес өкілдері су тасқыны кезінде жиналған ақшаның есебін берді

18.04.2024, 11:32
Фото: видеодан скрин

Әлеуметтік желіде су тасқынынан зардап шеккендерге 100-200 мың теңгеден аударған шоу-бизнес өкілдері жұртшылық тарапынан сынға қалған болатын. Олар бір тойдың өзінен миллиондап табыс табатын әншілер неге қомақты ақша бөлмейді деген өкпесін айтқан еді. Бүгінде өнер саласының өкілдері бұл қылықтарына ақталып әлек, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Бүгінде олар ақшаның қайда жұмсалатынын айтып, ел алдында есеп беруге көшкен екен. 

Роза Әлқожа, Гүлзира Айдарбекова, Ерғали Әбдірайымов, Өктем Алтаев есімді өнер өкілдері су тасқынынан зардап шеккен өңірлерде жүр. 

Батыс пен Солтүстік өңірдегі су тасқыны көпті алаңдатып отыр. «Теңізге түскен тамшыдай» үлес қоссам деген арман әр қазақта бар екені сөзсіз. Жиналған қаржыдан 22 млн бөлінген қаражат осы жылжымалы үйге жұмсалсын деп өнер адамдары бірауыздан мақұлдаған болатын. Міне, үйіміз 2-3 күнде дайын болады. Жылы, жайлы, жарық. Күн салқын кезде жылуды ұстап тұрады. Кәсіпкер бауырымыз төмен бағамен беріп жатыр. Бұл нысан уақытша тұруға ғана арналған. Мемлекет үйінен айырылған отбасыларға үй салып береді деген ойдамыз, – деп жазды Роза Әлқожа. 

Сондай-ақ кейбір әншілер жеке қаржы бөліп те жатыр екен. 

Роза Әлқожа жеке өз қалтасынан ақша шығарып, 2000 мың адамға түскі ас берді. Мына жерде жас та, кәрі де жүр. Су баспау үшін қапшыққа құм толтырып, өзен жиегіне тастап жатыр. Мұндай жұмысқа бала-шаға да, кәрі адамдар да білек сыбанып кірісіп жатыр, – депті Гүлзира Айдарбекова. 

 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары