×
495.2
522.34
4.94
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
495.2
522.34
4.94

Бишімбаев пен Нүкеновадан некелесу кезінде куәлік талап етпеген имам жазаланды

Бишімбаев пен Нүкеновадан некелесу кезінде куәлік талап етпеген имам жазаланды
Коллаж: Ulysmedia

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы 2022 жылы 17 қазанда Ұлттық экономика экс-министрі Қуандық Бишімбаев пен Салтанат Нүкенованың некесін қиған республикалық бас мешіттің имамы Қанат Қыдырминге қатысты тәртіптік шара қолданды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Не болды

Бұл туралы ҚМДБ баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы facebook-парақшасында жазды. 

2022 жылдың 17 қазанында Астана қаласындағы Республикалық бас мешітте Қ. Бишімбаев пен С. Нүкенованың өз өтініштері бойынша куәгерлердің қатысуымен олардың некелері қиылған. Аталған азаматтардан және олардың туыстарынан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлік талап етілгенде, олар «жасалып жатыр» деп жауап берген. Олар дәстүрге сай екі жақтың ата-аналарының батасы мен рұқсатын алғанын, салт-дәстүр жолымен некелерін қиып беруін өтінген. Аталған азаматтардан АХАТ бөліміне тіркелгенін растайтын куәлікті табанды түрде талап етпеген, яғни ҚМДБ-ның ішкі жұмыс тәртібін бұзған Республикалық бас мешіттің имамы Қ. Қыдырминге тәртіптік шара қолданылып, ескерту жасалды, - деп жазды Ағабек Қонарбайұлы.

Үш рет талақ берген

Бұған дейін марқұм Салтанаттың әпкесі Айнұр Нүкенова Бишімбаев пен Нүкенова неге мешітте екі рет діни жолмен неке қиғанын айтып берген болатын.

Мен олар неге екінші рет неке қиып жатырсыңдар деп сұрадым. Ол кезде үш рет талақ айтылатынын білмеген де екем. Павлодарға кетіп қалған кезде ол (Бишімбаев) үш рет талақ берген. Сол үшін олар екінші рет неке қидыруды жөн деп шешкен екен, – деді ол.

Бишімбаевтың ісі

Еске сала кетейік, Астана қаласының қылмыстық істер жөніндегі ауданаралық сотында экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау 11 наурызда басталды.  Прокурор экс-министр ісінің мән-жайын айтып берді.

Ал Бишімбаев тағылған айыпты мойындамай, ашық сот өткізуді сұрайды. Оған "қинау" (110-баптың 2-бөлігі) және "аса қатігездікпен адам өлтіру" (99-баптың 2-бөлігі) баптарымен айып тағылған. Бұған қоса, Астанадағы "Гастро-орталық" директоры, Бишімбаевтың туысы Бақытжан Байжанов Салтанат Нүкенованың өліміне байланысты іс бойынша "қылмысты жасырды" деген күдікпен сотқа тартылып жатыр.

12 наурызда экс-министр Қуандық Бишімбаевтың ісі бойынша алдын ала тыңдау жалғасты. Бұл жолы да журналистер сот залына кіре алған жоқ. БАҚ тарапының базынасын сот қызметкерлері тыңдаған болғанымен, ешбір журналист сот залына кіре алмаған. Тіпті тілшілер полиция шақырып, сот әкімшілігі ақпарат алу құқығынан айырып отырғаны жөнінде арыз жазуына тура келген.

4 сәуір күнгі сотта Қуандық Бишімбаевтың адвокаты Лейла Рамазанова бүгінгі сотқа Салтанат Нүкенованың денесіне жасалған сараптаманы жарамсыз деп тану қолайсыз деп тану жөнінде өтініш білдірген. Судья бұл өтінішті қанағаттандырудан бас тартқан.  Ал Бишімбаевтың өзі тергеу изоляторында өз-өзіне қол жұмсамақ болғанын мәлімдеді. 

Прокурор Айжан Аймағанова Қуандық Бишімбаевтан ұрып-соққан жұбайына жедел жәрдем шақырудың орнына неге көріпкелге қоңырау шалғанын сұраған. Бишімбаев “бұл менің үлкен қателігім болды” деп жауап берді.

Алдын ала тыңдаудан кейінгі соттарға журналистер кіруге мүмкіндік алды. Сот барысы Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотының ресми сайтынан тікелей эфирден көрсетіледі.