×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Пәтер алу қиындайды. “Отбасы банк” ипотека шарттарын өзгертті

18.04.2024, 21:47
Ашық дереккөзден

Қазақстандандықтарға жаңа пәтер алу енді тіпті қиындай түсуі мүмкін. Себебі “Отбасы банк” ипотека шарттарына өзгерістер енгізген деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Қалай болады? 

Өзгеріс нақты алғашқы нарықтан пәтер рәсімдеу бағдарламасына қатысты. Дәлірек 30/70 туралы. 30% бұл азаматтардың қолында болуы тиіс пәтер құнының алғашқы жарнасы. Енді сіз осы бағдарламаның игілігін көргіңіз келсе минималды бағалау көрсеткіші (ОП) 7-ден артық болуы қажет. Қарапайым мысал: 1 миллион теңгенің үйін алу үшін банктің депозитіңізге беретін сыйақысы 7000 теңгені құрауы тиіс. Ал ол 20 миллион теңгенің үйі болса 140.000 теңге, 30 миллион теңгенің үйі болса 210.000 теңге деп кете береді. Демек қолыңызда 30% бастапқы жарнаңыз болса да бірден пәтер ала алмайсыз. Ол ақша депозитіңізде кемінде 1 жыл 2 ай жатуы керек. 

Алдымен 12 мың мұқтаж отбасы баспанамен қамтылады 

Еске салсақ, Қазақстанда 7 пайыздық жаңа ипотекалық бағдарламаны бастауға дайындық жүріп жатқанын, ол биыл  мамырдың басында іске қосылатынын жазған едік. 

Бірінші жылы жаңа бағдарлама есебінен қосымша 12 мың мұқтаж отбасын баспанамен қамтамасыз ету жоспарланып отыр. 

Жалпы биыл рекордтық 18 млн шаршы метр тұрғын үй салынады, бұл сондай-ақ жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік береді. Бұл бұрынғы жоспарланған жылдық көрсеткіштен 2,5 млн шаршы метрге артық. 

Өнеркәсіп және құрылыс министрі Қанат Шарлапаев жаңа ипотекаға қатысты: “Автонесие кезіндегідей 18 секундта өтініш толтыру сияқты оқиғалар қайталанбайды” деген еді.  

 

Серіктес жаңалықтары