×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

“Үй жануалары да құтқарылады ” Солтүстікте ауыл тұрғындарын эвакуациялау жалғасып жатыр

18.04.2024, 23:02
ҚР ТЖМ телеграмм арнасынан


Еліміздің солтүстігінде су тасуына байланысты ауыл тұрғындарын эвакуациялау тәулік бойына тоқтамастан жалғасып жатыр деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Құтқару жұмыстарына байланысты соңғы деректерді ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі жариялады.  

Ресми мәлімдеме

“Ұлытау мен Солтүстік Қазақстан облысының құтқарушылары Пресновка және Соколовка ауылдарының тұрғындарын алдын ала эвакуациялау жұмыстарын жүргізуде. ТЖ аймақтарынан үй жануарлары да шығарылуда”- деп жазды ТЖМ телеграмм арнасы. 

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары