×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

“Бір тиын да бермеді!” Ақтөбеде бір топ жұмысшы жарты жылдан бері ақшасын ала алмай жүр

19.04.2024, 00:30
Ашық дереккөзден

Ақтөбе облысында Шалқар көлін тазартқан жұмысшылар жарты жылдан бері жалақысыз жүр. Елуден аса адам бұдан бөлек Бозой бағытындағы жол құрылысында да еңбек еткен. Бірақ жаңа жылға жетпей бір тиын бермей қойды деп ашынады деп хабарлайлайды, Ulysmedia.kz. КТК телеарнасына сілтеме жасап. 

Жылап та айттық, құлап та айттық 
 

“Отырмыз ғой, айлығымыз жоқ. Көршілерімізден ақша сұрап, жолақымызды әрең тауып отырмыз. Балам колледжде оқиды. Бәрін айттым ,түсіндіріп. Менде жасыратын ештеңе жоқ. Алланың жолында жұрміз, пендеміз. Қазақша да айттым. Бізді осыған жеткізіп отыр ғой. Жылап та айттық, құлап та айттық. Қайда? Бермейді ” - дейді жәбірленуші Айгүл Бекмағанбетова. 

«Гидросервис Актобе» компаниясындағы айлығын даулаған жұмысшылардың бәрі Шалқар ауданының тұрғындары. Туған жерлеріндегі көлдің батпағын тазартып, осы уақытқа дейін күні-түні жұмыс істеген. Ал «Гидросервис Актобе»  басшысы екі жарым миллиардттық тендерді ұтқан Tolagai-2050 фирмасы ақша аудармай қойғанын айтты. «Екі ортада еңбегіміздің ақысын ала алмай біз жүрміз» деп ашынады жұмысшылар. Олар еңбек инспекциясынан бастап, сотқа да жүгінген. Әзірге қолына тиген бір тиын жоқ. Еңбек инспекторлары сот орындаушылары арқылы өндіріп береміз деп уәде етеді. Бірақ нақты уақытын айтпайды.  

Айыппұл салдық 

“Нұсқама бердік. Айыппұл салдық. Енді материалдардың бәрі жеке сот орындаушыларына жіберіледі. Не себептен орындалмай жатқанын айта алмаймын. Бір жағында  қаржы қиындығы дейді, қаражаттың болмауынан ақшасын төлей алмай отырмыз” - деді Ақтөбе облысы еңбек инспекциясы басқармасы басшысының орынбасары Талғат Исқарин.  
 
 

Кеше

Бұған дейін Ақтөбеде мүгедек балаларға арналған қордың ақшасына басшылары қол салғанын айтқан едік. Емдеу үшін елден ақша жинап, артынан ерекше балалардың ата-аналарын алдап кеткен.

Серіктес жаңалықтары