×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Пара–спорттағы тарихи оқиға: Қазақстан Virtus  Әлем Чемпионатын қабылдайды

18.04.2024, 23:54

Чемпионат 2024 жылдың 21 сәуірінде өткізіледі. «Бірінші болу батылдық»  қоры мен Алматы қаласы әкімдігінің қолдауымен жыл сайынғы ALMATY HALF MARATHON бағдарламасына кіреді. Сонымен қатар Virtus Әлем чемпионаты ҚР Спорт және туризм министрлігінің республикалық күнтізбесіне енгізілген деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Кімдер қатысады?

Сайысқа Португалия, Болгария, Жапония, Польша, Қытай, Испания, Швеция және  Қазақстанмен қоса 8 мемлекеттің пара-спортшылары қатысады. Әсіресе жартылай марафон бойынша 2023 жылғы Еуропа чемпионы португалиялық Кристиано Перейрудың қатысуы  жарыс деңгейінің жоғары екендігін көрсетеді. Қазақстанның атынан ii1 (ақыл-ой дамымауының жеңіл түрі) мен ii3 санатында (аутизмы бар спортшылар) алты пара-спортшыдан тұратын команда шығады. Оның ішінде 5 пара-атлет Астана және 1 пара-атлет Алматы қаласынан. 

Қазақстан мен Орталық Азия үшін маңызды

Virtus Халықаралық федерациясының Президенті Марк Трюффо мемлекеттің интеллектуалдық бұзушылықтары бар адамдар арасындағы спортты дамыту талпынысын  атап өтіп, бұл оқиғаның Қазақстан мен барлық Орталық Азия өңірі үшін маңызды екенін айтты. 2023 жылы Virtus Global Games  алғаш қатысқан қазақстандық атлеттер велоспорт бойынша үш медаль жеңіп, айтарлықтай жақсы нәтиже көрсеткен еді.  

Халықаралық аренадағы маңызды оқиға

“Бұл Қазақстанның пара-спорт бойынша халықаралық аренадағы атын нығайтатын оқиға. Азияда Virtus Әлем чемпионатын алғаш рет қабылдап,   өңірдегі интеллектуалдық бұзушылықтары бар адамдар үшін спортты дамыту мен интеграциясына маңызды қадам жасадық. Бұл жарыс біздің пара-атлеттерімізге әлемдік сайыстарға қатысуға мүмкіндік береді және қажетті рейтинг ұпайларын жинауға көмектеседі», - деп атап өтті ИЕА спорт федерациясының президенті Дина Темірғалиева. 

 «VIRTUS» деген не? 

«VIRTUS» интеллектуалдық ерекшеліктері бар тұлғаларға арналған Халықаралық спорт федерациясы Халықаралық паралимпиада комитетімен қабылданған.Оның құрамында 100-ден астам мемлекет пен 7000-нан астам спортшы бар. Жеңіл атлетика, жүзу және үстел теннисі бойынша Virtus Global Games чемпионатында жақсы нәтиже көрсеткен  спортшылар Паралимпиада ойындарына тікелей жолдама алады. 

Қазақстанда «Интеллектуалдық бұзылуы бар адамдарға арналған  спорт федерациясы» РҚБ 2022 жылдың ақпанында құрылған. Республиканың 13 аймағында филиалы бар.  

Серіктес жаңалықтары