×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Атырауда Жайық жағалауындағы құм толы қаптарды ұрлағандар ұсталды

19.04.2024, 15:44
Фото: Жедел штаб

Атырауда төрт ер адам мен бір әйел адам бөгеттегі қаптарды ұрлап жүрген жерінде ұсталды, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Атырау облысындағы жедел штаб 18 сәуір күні сағат 21:00 шамасында 42, 32, 37, 38 жастағы ер адам мен 34 жастағы әйел Атырау қаласындағы Жайық жағалауында тасқын судың алдын алу мақсатында дайындалған бөгеттерден құм толы қаптарды ұрлап жүрген жерінен ұсталғанын мәлім етті.

Анықталғанындай, олар Жайық жағасынан ұрлап алған қаптарды өз үйлерінің айналасына апармақ болған. Оларға қатысты «ұсақ-түйекті жымқыру» дерегімен қылмыстық іс қозғалды.

Қазақстандағы су тасқыны

Еске сала кетейік, елде бірнеше күннен бері бірнеше өңірде су тасып, ондаған ауданда төтенше жағдай жарияланды. Су тасқыны ең үлкен қауіп туғызып отырған өңірлер қатарында Атырау, Батыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай облыстары бар. Ресейдің Ор қаласында дамбының жарылуы қосымша қиындық туғызған. Құлсары қаласында ең күрделі жағдай тіркеліп, адам шығыны тіркелді.

Премьер-министр, штаб жетекшісі осы ретте Олжас Бектенов жауаптыларға бірқатар тапсырма берген.

Ulysmedia.kz редакциясының бас редакторы су тасыған Құлсарыға барып, арнайы репортаж түсірген болатын.

Серіктес жаңалықтары