×
442.05
474.14
4.74
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
442.05
474.14
4.74

Тағы үш спортшы Париж олимпиадасына жолдама жеңіп алды

19.04.2024, 22:53
olympic.kz

Осы жазда өтетін Париж олимпиадасына баратындардың қатары тағы үш спортшымен толықты деп хабарлайды, Ulysmedia.kz.

Әлішер Ерғали 

Қазақстандық еркін күрес балуаны Әлішер Ерғали олимпиада жолдамасын Бішкекте өткен азиялық іріктеуде жеңіп алды. Ұлттық олимпиада комитетінің мәліметінше ол 97 келіге дейінгі салмақта қытайлық Авусайман Хабиламен күш сынасқан.  

“Ерғали жекпе-жекті белсенді бастады. Ол кездесудің барысын бақылауға тырысты. Нәтижесінде ол есепті 3:0 қылды. Қарсылас екі ұпай жинады, алайда жекпе-жек Ерғалидің пайдасына 3:2 есебімен аяқталды", – делінген хабарламада. 

Юсуп Батырмурзаев

Сондай-ақ 125 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен қазақстандық балуан Юсуп Батырмурзаев та олимпиада жолдамасын жеңіп алды.  

“Батырмурзаев 125 келіге дейінгі салмақ дәрежесіндегі жартылай финалға жетті, онда Бахрейннен келген Шамиль Шариповтан басым түсті. Шешуші жекпе-жек қазақстандықтың пайдасына 7:3 есебімен аяқталды", - деп атап өтті ҰОК. 

Нариман Құрбанов

Сонымен қатар, қазақстандық гимнаст Нариман Құрбанов олимпиадалық лицензияны жеңіп алды. Ол Дохадағы (Катар) әлем кубогы кезеңінің қорытындысы бойынша 2024 жылғы Олимпиадаға жолдаманы еншіледі.

Және тағы бір отандасымыз Милад Карими 19 сәуірде Дохадағы (Катар) спорттық гимнастикадан әлем кубогы кезеңінде алтын медаль жеңіп алған еді.  

 

Серіктес жаңалықтары