Жапонияның өзін-өзі қорғау күштері сенбіде Идзу аралдары маңындағы екі тікұшақ экипажымен байланыса алмағанын хабарлады, деп жазады Ulysmedia.kz.
«Жапондық теңіз өзін-өзі қорғау күштерінің екі тікұшағы Идзу архипелагының бір бөлігі Торисима аралының шығысында теңіз үстінде құлап, бір адам қаза тапты», - деп хабарлады жексенбіде елдің Қорғаныс министрі Минору Кихара.
Ұшақтағы тағы жеті адам із-түссіз жоғалып кеткен.
Министрдің айтуынша, екі тікұшақ соқтығысып, құлаған болуы мүмкін.