×
443.44
480.51
4.88
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.44
480.51
4.88

Ерікті болу еріккеннің ермегі емес - 6,6 тонна гуманитарлық көмек жиналды

21.04.2024, 14:01
Ашық дереккөзден

«Ұлттық волонтерлік желі» заңды тұлғалар бірлестігінің өкілі Гүлжәмилә Қамарова су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмектесу жұмыстары жайында айтты, деп жазады Ulysmedia.kz.

«Қазіргі кезде «Ұлттық волонтерлік желі» еріктілер жасақтарын жалпы үйлестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр, сондай-ақ аймақтық фронт-офистер және жергілікті серіктес ұйымдар арқылы ақпарат алынып отыр. Бірыңғай байланыс орталығы да (+7 708 706 4242) зардап шеккендерге көмек көрсетуді және жалпы үйлестіруге арналған. Ол бойынша барлығынан, соның ішінде су тасқынынан зардап шеккендерден өтініштерді қабылдаймыз. Сонымен қатар, қазір тегін заңгерлік қызмет көрсетуді бастадық», - деді Г. Қамарова Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингіде. 

Бұл тұрғыда ол тиісті консультацияны аталған байланыс орталығынан алуға болатынын нақтылады. 

«Жалпы республика бойынша жағдайға тоқталсақ, қазір 43 мыңнан астам волонтер мен жергілікті тұрғындар арасынан еріктілер жұмылдырылған. Республиканың 16 өңірінде жұмыс істеп жатқан гуманитарлық көмекті жинау және жөнелту жөніндегі штабта су тасқыны басталғаннан бері 6 600 тоннадан астам гуманитарлық көмек жиналды. Соның 4 мың тоннасы зардап шеккен аймақтарға жіберілді. Еріктілер жергілікті атқарушы органдармен – әкімдіктермен, төтенше жағдайлар департаменттерімен тығыз байланыста қызметін жалғастырып жатыр», - деді Гүлжәмилә Қамарова.

Серіктес жаңалықтары