×
444.14
477.05
4.85
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
444.14
477.05
4.85

«Әкім жиналысына кеткен»: БҚО-да үш күн бұрын жоғалған ер адам табылмай жатыр

22.04.2024, 14:27
Фото: дереккөз

БҚО-да үш күн бұрын жоғалған ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

«Мой Город» Telegram-арнасының жазуынша, 45 жастағы Александр Бекмачев 19 сәуірде сағат 17:00-де Бәйтерек ауданының Жаңатан ауылындағы үйінен шығып, әкім жиналысына кеткен. Ал кейін табиғат аясында демалуға барып, көрші Щапово ауылында болған.

Бұрын ол мерекелерде немесе достарымен бірге ішімдік ішетін болса, үнемі үйге қайтатын. Ол сұр-көк түсті спорттық костюм мен кроссовка киіп кетті. Полицияға хабарластық. Оны үшінші күн қатарынан ауыл тұрғындары, полиция қызметкерлері іздеп жатыр, - деді жоғалған адамның әпкесі Наталья Бекмачева.

Оның айтуынша, бауырымен бірге болған адамдар оның қайда кеткенін білмейтінін жеткізген. 

Александрды үйде әйелі, балалары, ата-анасы, ағалары, әпкелері күтіп отыр.

Серіктес жаңалықтары