×
439.43
473.31
4.82
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
439.43
473.31
4.82

Шартты түрде сотталған Самат Әбіш Қазақстанның шегінен шыға ала ма – ҰҚК жауабы

22.04.2024, 17:37
Коллаж: ulysmedia.kz.

ҰҚК шекара қызметі басшысының айтуынша, қазір Қазақстанда шекарадан өтуге болмайтын адамды анықтайтын жаңа бағдарлама жұмыс істейді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

ҚР ҰҚК Шекара қызметінің директорынан сотталған Самат Әбіштің мемлекеттік шекара арқылы елден кету қаупі бар-жоғы сұралған.

– Шекараны кесіп өту немесе кесіп өтпеу мүмкіндігін есепке қою менің құзыретіме кірмейді. Шекарадан өту кезінде, егер адам паспорттық бақылауға жақындаса менің бағыныштыларым оны тексереді. Жалпы жаңа бағдарлама пайда болған. Шекарадан өткенде, егер адам жаңа төлқұжатпен жүрсе де, жүйе оны көрсетіп тұрады, - деді ол.

Самат Әбішке үкім

Айта кетейік, Ұлттық қауіпсіздік комитеті төрағасының бұрынғы бірінші орынбасары әрі экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың немере інісі Самат Әбіш кінәлі деп танылып, Қаңтар оқиғалары туралы іс бойынша шартты үкіммен сотталды

Оған қатысты Қылмыстық кодекстің 362-бабы 4-бөлігі бойынша тергеу жүргізілген. Осы баптың санкциясы бес жылдан он жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жазаны көздейді. Сондай-ақ, жаза мүлікті тәркілеуді және белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан өмір бойы айыруды қамтуы мүмкін.

Серіктес жаңалықтары