×
$
444.3
€
490.91
₽
5.41
#қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
$
444.3
€
490.91
₽
5.41

Тоқаев Сағымбаевты қызметтен босатқанда күштік құрылымдардың қателігін ескерген

Бүгін, 15:40
Тоқаев Сағымбаевты қызметтен босатқанда күштік құрылымдардың қателігін ескерген
Ulysmedia коллажы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ермек Сағымбаевты басқа жұмысқа ауысуына байланысты Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы қызметінен босатты. Президент бұл шешімді арнайы қызметті реформалау және басшылық құрамды жаңарту қажеттігімен түсіндірді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.

Мән-жай

Президенттің баспасөз хатшысы Айбек Смадиярдың мәліметінше, кадрлық шешім қабылдауға жемқорлыққа қатысы бар лауазымды тұлғаларды ұстау кезінде күштік құрылым қызметкерлерінің жіберген қателіктері де себеп болған. Осыған байланысты Ішкі істер министрі Ержан Сәденовке қызметтік ескерту жарияланды.

Мемлекет басшысы «Самұрық-Қазына» қоры мен «Қазақстан темір жолы» компаниясы басшыларының ісінде сыбайлас жемқорлық белгілері бар екеніне күмән жоқ екенін атап өтті. Тергеу кезіндегі фигуранттардың әрекеттері де мұны растаған.

Президент жүргізіліп жатқан тергеу амалдарынан әуел бастан хабардар болған. Сондай-ақ оның жемқорлыққа қарсы күрес жөніндегі ұстанымы өзгермейтіні айтылды.

Бұдан бөлек, Қасым-Жомарт Тоқаев Ішкі істер министрлігінің басшылық құрамымен жиын өткізді. Жиында қызметтік тәртіпті нығайту, полиция қызметкерлерінің кәсіби даярлығын арттыру және «Заң мен тәртіп» қағидатына сай қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттері талқыланды.

Президент Ержан Сәденовке полицияның қатардағы қызметкерлері мен офицерлік құрамы арасында тәрбие жұмысын күшейтуді тапсырды.

Контекст

Еске салайық, дәл осы күні Тоқаев Ұлттық қауіпсіздік комитетінің жаңа төрағасы етіп Марат Ирменовті тағайындады. Мемлекет басшысы ұлттық қауіпсіздік органдарын реформалауды талап етті.

Президент ведомство жұмысының тиімділігін арттыруды, кадр іріктеу сапасын жақсартуды және сыбайлас жемқорлықпен, соның ішінде ірі мемлекеттік бағдарламалардағы жемқорлықпен күресуді тапсырды.

Сізге қызық болуы мүмкін