×
441.66
475.14
4.86
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
441.66
475.14
4.86

Жылы киіміңізді салуға асықпаңыз. Қазақстанда алдағы күндері аяз болуы мүмкін

22.04.2024, 23:15
Ашық дереккөзден

«Қазгидромет» РМК 23-25 сәуірге ауа райы болжамын жариялады. Елдің бірнеше аймағында бұршақ жауып, дауыл болуы мүмкін деп хабарлайды, Ulysmedia.kz 

Ауа-райы қандай болмақ?

Республиканың басым бөлігіне оңтүстік циклоны және онымен байланысты атмосфера фронттары әсер етіп,  найзағай, жаңбыр күтіледі. 25 сәуір күні еліміздің оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында жаңбыр қарқыны қатты болады. Тек аптаның басында  антициклон сілемінің әсерінен еліміздің солтүстігі мен шығыс аймақтарында жауын-шашынсыз ауа райы сақталып тұрады. Республика бойынша екпінді жел, оңтүстікте, оңтүстік-шығыста бұршақ, дауыл болады деп болжануда. 

“Арктикалық ауа массаларының енуінен еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында ауа температурасы түнде 1-8 градус аязға дейін, ал күндіз 3-13 градус жылыға дейін төмендейді, орталықта түнде 0-5 аязға дейін, күндіз 5-15 жылыға дейін төмендеуі күтіледі” – деп мәлімдеді «Қазгидромет» РМК.

Серіктес жаңалықтары