×
443.37
474.49
4.83
#БишімбаевСоты #су тасқыны #қаңтар қақтығысы #Украинадағы соғыс #жемқорлық #тағайындау
443.37
474.49
4.83

Азаттық радиосы мен Қазақстан билігі аккредитация бойынша медиациялық келісімге келді

23.04.2024, 14:13
Коллаж: Ulysmedia

Азат Еуропа/Азаттық радиосы (АЕ/АР) Қазақстан сыртқы істер министрлігімен осы елдегі тілшілерінің аккредитациясы мәселесі бойынша келісімге келді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz Azattyq-қа сілтеме жасап.

Не болды

Біз сыртқы істер министрлігімен келісімді құптаймыз. Бұл процесс барысында басты мақсатымыз журналистеріміздің Қазақстандағы маңызды жұмысын қауіпсіз әрі компромиссіз жүргізуіне мүмкіндік жасау болды. Өз аудиториямызға тәуелсіз әрі шынайы ақпарат беру міндетімізге адал болып қала береміз және бұл келісім осыны жүзеге асыруға жағдай жасайды деген сенімдемін, – деді Азат Еуропа/Азаттық радиосының президенті әрі атқарушы директоры Стив Капус.

Еске салсақ, 30 қаңтарда Азат Еуропа/Азаттық радиосы - Қазақстан өкілдігі (RFE/RL-Қазақстан) Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына арыз түсірген болатын. 

Не үшін арыз жазылды?

Арызда өкілдік Азаттық тілшілеріне аккредитация бермеген немесе аккредитация мерзімін ұзартпаған Қазақстан СІМ-нің шешімін заңсыз деп танып, күшін жоюды сұраған.

Министрлікке қарсы шағым 2024 жылдың 3 қаңтарында Азат Еуропа/Азаттық радиосына Қазақстан сыртқы істер министрлігінен "өкілдіктің 36 қызметкерін аккредиттеуден немесе аккредитация мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешім қабылданғаны жөнінде" хат келгеннен кейін түсіріліп отыр.

Ведомство жауабында журналистердің "аккредитациясыз жұмыс істеп келгені", сонымен бірге редакцияға айыппұл салынғанын (құқық қорғаушылар "жалған ақпарат туралы" жаңа бапты ресейлік "фейктер туралы" заңға ұқсатқан) алға тартқан.

Шағымда Азат Еуропа/Азаттық радиосы - Қазақстан өкілдігі (RFE/RL-Қазақстан) соттан ведомство келтірген дәлел-дәйектерді негізсіз деп тануды сұраған, себебі редакцияның айтуынша, олар журналистердің аккредитациясына қатысты өтініштерді уақытында беріп отырған, өтініштер қаралуы тиіс кезде журналистерде аккредитация мерзімі аяқталмаған, ал министрлік өтініштерді жауапсыз қалдырған. Ақпаратқа қарағанда, қызметкерлерді аккредитациядан өткізу туралы өтініштер өкілдікті әкімшілік жауапқа тарту туралы шешім шыққанға дейін көп уақыт бұрын берілген, бірақ олар "дер кезінде қаралмаған".

Серіктес жаңалықтары